Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Алимент төлеуден жалтарғаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды

Алимент төлеуден жалтарғаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігімен азамат Т.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес азамат Т. Сырдария аудандық сотының бұйрығымен өндіріп алушы Т-ның пайдасына алимент төлеуге міндеттенген. Алайда, Т. алимент төлеуден жалтарып, сот актісін орындамаған. Оның алиментке қарызы 1 304 940 теңге құраған.

Сот отырысында Т. 2025 жылдың ақпан-сәуір айлары аралығында алимент төлегенін, сол жылдың мамыр айынан бастап алимент төлемегенін растайтынын, тұрақты жұмысы болмағандықтан алимент төлеуге мүмкіндігі болмай жүргенін көрсеткен.

Сот қаулысымен Т. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 20 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Сырдария аудандық соты
Фото: ашық дереккөз
27 ақпан 2026 ж. 42 0