Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№87 газет

02 қараша 2024 ж.

№86 Газет

29 қазан 2024 ж.

№85 газет

25 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Сот актісін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды

Сот актісін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды

Сырдария аудандық сотында онлайн желісі арқылы азамат С-қа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, борышкер С. өндіріп алушы А-ның пайдасына бір балаға төлеуге тиіс алиментті 2017 жылдың желтоқсан айынан бері төлемеген.

Сот орындаушысының 2021 жылғы 17 маусымдағы қаулысына сәйкес 2 273 553 теңге алименттен берешек қалыптасып, Сырдария аудандық сотының 2014 жылғы 30 шілдедегі сот бұйрығының талаптарын орындамаған.

Сот қаулысымен азамат С. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 3 (үш) тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды.
01 тамыз 2021 ж. 407 0