Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Бес жыл бойы алимент төлемеген

Бес жыл бойы алимент төлемеген

Сырдария аудандық сотында онлайн желісі арқылы азамат А-қа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, борышкер А. өндіріп алушы Е-ның пайдасына бір балаға төлеуге тиіс алиментті 2016 жылдың ақпан айынан бері төлемеген.

Сот орындаушысының 2021 жылғы 1 сәуірдегі қаулысына сәйкес 2 404 958 теңге алименттен берешек қалыптасып, Сырдария аудандық сотының 2014 жылғы 24 қазандағы сот бұйрығының талаптарын орындамаған.

Сот қаулысымен азамат А. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 2 (екі) тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды.

Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі
29 сәуір 2021 ж. 798 0