Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Әкімшілік жауаптылыққа тартылды

Әкімшілік жауаптылыққа тартылды

Сырдария аудандық сотында азамат С-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 147-1-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Азамат С. танысы азаматша Е.-нің үйіне алкогольдік масаң күйде барып, есігін ашпаған соң, есікті сыртынан теуіп майыстырып, жәбірленуші азаматша М.-ның мүлкін қасақана бүлдірген. Азаматша Е. үйге танысы С. мас күйінде келген соң, оған есікті ашпағанын, ол есікті сыртынан ұрып-соққанын, содан дереу полиция қызметкерлерін шақырғанын көрсетті. Жәбірленуші М. оқиғаны көрмегенін, алайда пәтер өзіне тиесілі екенін, пәтердің сыртқы есігі соққылардан майысқанын, келтірілген залал қалпына келтірілмегенін көрсетті. Сот отырысында С. кінәсін мойындап, жәбірленушілерден кешірім сұрап,  өзіне жеңіл жаза тағайындауды сұрады. Сот қаулысымен С. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің  147-1-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 151 375  теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Сырдария аудандық соты
26 ақпан 2026 ж. 83 0