Көлік құралын басқаруға құқығы жоқ бола тұра, алкогольдік масаң күйде басқарған
Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен азамат С.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.Азамат С. 25.01.2026 жылы Сырдария ауданы, А.Алиакбаров көшесі бойымен көлік құралын басқару құқығы жоқ адам бола тұра алкогольдік масаң күйде басқарған.
Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, жүргізуші жеңіл дәрежелі алкогольді еліту күйінде болған.
Сот қаулысымен С. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Сырдария аудандық соты









