Ел болашағы – халық шешімінде
Негізінен республикалық референдум ел тәуелсіздігінің тарихында бұған дейін де өтті. Біріншісі – 1995 жылғы 29 сәуірде және екіншісі сол жылы 30 тамызда болды.
Жалпы «Елу жылда ел жаңа» демекші бұл өзгерістің мәні ерекше. Өйткені халықпен етене байланысы бар. Қарапайым халықтың пікірін сұрайтын өзгеріс.
Реформа заңға енгізілген өзгеріс емес, ол елдің дамуына жасалған үлкен қадам деп білеміз. Әрбір адамның таңдауы маңызды десек, бұл өз ретінде билік пен халық арасында ашық қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. Сондықтан еліміздің болашағы үшін жаңа Конституцияны қолдаймын. Жарқын болашақ – ұрпағымыздың кемел келешегі. Қазақстан жаңа мүмкіндіктер мен жетістікке жеткен ел қатарында болатынына сенеміз.
Сансызбай СӘДУАҚАСҰЛЫ,
мәдениет саласының ардагері











