Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Республикалық штаб мүшесі Қоғалыкөл ауылында болды

Республикалық штаб мүшесі Қоғалыкөл ауылында болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының халыққа арнаған Жолдауында Ата Заңымыздың үштен бір бөлігіне толықтырулар мен өзгертулер жасалатындығы айтылды. Осы мақсатта 5 мамырда Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев жалпыхалықтық референдумды 5 маусымда өткізу жөніндегі Жарлыққа қол қойды. «27 жыл бұрын өткізілген референдумда қазіргі Ата заң қабылданды. Одан кейінгі барлық конституциялық реформа Парламентте мақұлданды. Негізінде, бұл заңды қалыптасқан тәжірибе. Бірақ дамудың жаңа кезеңінде, Жаңа Қазақстанды құру жолында еліміз үшін осындай аса маңызды шешімдерді бүкіл халық болып қабылдауымыз керек. Бұған кәміл сенемін. Сондықтан бүгін мен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойдым», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы өзгерістерді тұрғындарға толықтай түсіндіру мақсатында партия жанынан штабтар құрылды. Республикалық штаб мүшесі Ғ.Әміреев Қоғалыкөл ауыл тұрғындарымен кездесу барысында «Ел тағдырын айқындайтын осынау маңызды шақта ешкім шет қалмауға тиіс. Барша халық тарихи таңдауды жасауда бір болатынына сенемін. Еліміздің болашағы біз бен сіздің қолда», – екенін атап өтті.
Аталмыш кездесуге облыстық мәслихат депутаты Р.Есенов, аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев және облыстық штаб мүшелері қатысты.
13 мамыр 2022 ж. 625 0