Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Мәжіліс депутаты Тереңөзек кенті тұрғындарымен кездесті

Мәжіліс депутаты Тереңөзек кенті тұрғындарымен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының халыққа арнаған Жолдауында Ата Заңымыздың үштен бір бөлігіне толықтырулар мен өзгертулер жасалатындығы айтылды. Осы мақсатта 5 мамырда Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев жалпыхалықтық референдумды 5 маусымда өткізу жөніндегі Жарлыққа қол қойды. «27 жыл бұрын өткізілген референдумда қазіргі Ата Заң қабылданды. Одан кейінгі барлық конституциялық реформа Парламентте мақұлданды. Негізінде, бұл заңды қалыптасқан тәжірибе. Бірақ дамудың жаңа кезеңінде, Жаңа Қазақстанды құру жолында еліміз үшін осындай аса маңызды шешімдерді бүкіл халық болып қабылдауымыз керек. Бұған кәміл сенемін. Сондықтан бүгін мен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойдым», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы өзгерістерді тұрғындарға толықтай түсіндіру мақсатында партия жанынан штабтар құрылды. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Б.Смағұл Тереңөзек кенті мәдениет үйінде кент тұрғындарымен кездесу өткізді. Тұрғындармен кездесу барысында «Ел тағдырын айқындайтын осынау маңызды шақта ешкім шет қалмауға тиіс. Барша халық тарихи таңдауды жасауда бір болатынына сенемін. Еліміздің болашағы біз бен сіздің қолда», – екенін атап өтті.

Аталмыш кездесуге облыстық мәслихат депутаты Р.Есенов, аудандық мәслихат депутаты Ж.Ембергенов қатысты.

Кент тұрғындары тарапынан бірқатар 
сұрақтар қойылып, нақты ұсыныстар айтылды.
02 маусым 2022 ж. 550 0