Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Республикалық референдум

Республикалық референдум

Биыл Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 5 ма­мырдағы Жарлығымен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы республикалық референдум өткізу шарасы 2022 жылдың маусым айының 5-ші жұлдызына белгіленді. Бұл реформа Жаңа Қазақстанды құру жолындағы елеулі оқиғалардың бірі болмақ.

Республикалық референдум – Қазақстан Респуб­ликасы Конституциясының, конституциялық заңда­ры­ның және мемлекеттiң неғұрлым маңызды мәсе­ле­лерiне арналған шешiмдердiң жобалары бойынша бүкiлхалықтық дауыс беру арқылы шешімдерді қабылдау. Референдумның талқысына республика Конститу­ция­сын, конституциялық заңдарын қабыл­дау, оларға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу, рес­пуб­ликаның неғұрлым маңыз­ды мәселелерiн шешу қойылуы мүмкiн. Оған қатысуға сот iс-әрекетке қабiлетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтарды қоспағанда, 18 жасқа жеткен еліміздің әрбір азаматы құқылы.

Республикалық референдумның басты мақсаттарының бірі – елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту. Аза­мат­тардың құқықтарын қорғау тетіктерінің құқығын күшейту, биліктің бірқатар өкілеттіліктерін қайта бөлу, суперпрезиденттік басқарудан түбегейлі бас тартып, президенттік республика моделіне көшу, халықтың ел басқару ісіне араласуын кеңейту, парламенттің рөлімен мәртебесін өзгерту – конституциялық реформаның бас­ты бағыттары.

Референдум өтетін күні оған қатысатын әрбір Қазақстан Республикасының азаматы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конститу­ция­сына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?» деген сауалға жеке өздерінің таңдауын жасайды.







Сырдария аудандық
прокуратурасы
28 мамыр 2022 ж. 422 0