Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысының ұсынысын қолдаймыз

Мемлекет басшысының ұсынысын қолдаймыз

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXI сессиясына қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Қазақстанды құру үшін елеулі өзгерістер енгізу туралы ұсынысын айтты.

Шынымен де, дамудың жаңа сатысына қадам басу үшін осы істе жұдырықша жұмылу қажет. Қасым-Жомарт Кемелұлының референдум өткізу туралы ұсынысы дәл уақытында қозғалған жайт. «Мен Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынамын. Референдум – аса маңызды демократиялық институт. Алайда Қазақстанда ол соңғы рет 1995 жылы қазіргі қолданыстағы Конституция бекітілген кезде өткізілді. Одан кейін «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заң қабылданды. Бірақ содан бері Конституцияға төрт рет өзгертулер енгізілгеніне қарамастан, ол іс жүзінде қолданылған жоқ. Конституцияны жалпыхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту халық қалауының айқын көрінісі болады деп есептеймін. Референдум әрбір азаматқа ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік береді және жан-жақты демократияландыру мен Жаңа Қазақстанды құру жолындағы бағытымызды нығайтады», – деген сөзі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жарқын көрінісі болып отыр.

Сондықтан өз қалауымызды таңдау үшін алда өтетін референдумға белсенді қатысайық дегім келеді. Біз қазір үлкен реформалардың табалдырығында тұрмыз. Мемлекет басшысына қолдау көрсетіп, Ата Заңға заманға сай өзгеріс енгізу - кезек күттірмес жауапты іс. Ендеше, бұл іске салғырт қарамай, Жаңа Қазақстанды бірге құрайық! Конституцияны өзгерту Жаңа Қазақстанның ең бірінші қадамы деп есептеймі
н.



Сұлтанбек Тәуіпбаев
03 мамыр 2022 ж. 673 0