Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 10 газет

07 ақпан 2026 ж.

№9 газет

03 ақпан 2026 ж.

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Кентте жаңа наубайхана ашылды

Кентте жаңа наубайхана ашылды

Жақында Тереңөзек кентінің орта­лығында жаңа наубайхана өз жұмысын бастады. «Ас атасы – нан» өнімін шығаратын наубайхана заманауи құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген. Шағын бизнестің иесі кент тұрғындарын сапалы және қолжетімді нан мен кондитерлік өніммен қам­тамасыз етуді бастап кетті.

Наубайхана жұмысын бастау үшін кент тұрғыны Зина Үсенбаева «Қызылорда өңірлік инвестициялық орта­лығы» Микроқаржы ЖШС арқылы 30 млн теңге көлемінде қаржы алған. Бұл қаржымен наубайхана жұмысын бастауға қажетті құралдарға қол жеткізген. Қазіргі таңда наубайхана­да 4 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Әзірге күніне 350 бөлке нан және кондитерлік өнімнің бірнеше түрін шығаратын наубайхана алдағы уақыт­та өндіріс көлемін арттырмақшы. Жаңа наубайхана кент тұрғындары үшін қолайлы, орталық көшеде орна­ласқан.

Кәсіп иесі – Зина Сәрсенбайқызы наубайхана жұмысын одан әрі дамы­туға байланысты жұмысын одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр. Яғни, «Ауыл аманаты» жобасы аясында несие алып, өндіріс көлемін ұлғайту, наубайхананың тәулік бойы жұмыс істеуін жолға қою мақсаты бар.


– Аудан орталығынан наубайхана ашу бұрыннан жоспарымда бар еді. Биыл «Аңса нан» атауымен нау­байхана аштық. Күніне сұраныс 500 бөлке нанға дейін болатындықтан, екі ауысыммен жұмыс істеуді жолға қойдық. Өзімнен басқа төрт адамды жұмыспен қамтыдым. Наубайшыдан бөлек, бір кондитер мен сантехник бар. Нан өнімдерінен бөлек түрлі тәтті тоқаштарды, пирогтың бірнеше түрін шығарамыз. Кофе машинамен нағыз кофе дайындалады. Жайлы, жылы жер­де отырып, ауқаттанып алатындар үшін жағдай жасалған. Нан бар жерде береке болады. Жұмысшылардың арасында наубайхана ісінде тәжірибесі мол наубайшылар бар, – дейді нау­байхана иесі Зина Үсенбаева.
Жаңа наубайханадан кент тұрғын­дары күнделікті нан өнімдерін сатып алумен қатар, ас мәзірі бойынша тамақ­тануына да қолайлы жағдай жасалған.

Айту керек, аудан орталығынан жаңа кәсіпорынның ашылуы жаңа жұмыс орынын құруға, жергілікті кәсіп­керлікті дамытуға жасалған қолай­лы жағдай. Нан өнімі әркез сұранысқа ие. Сондықтан кәсіпкердің еңбегі табысты дамуына тілектеспіз. Алдағы уақытта өндіріс көлемі артып, өнім сапасын жоғарылату бағытындағы жұмыс жүр­гізіле бермек.


Бибісара ЖАНӘЛІ
07 ақпан 2026 ж. 76 0