Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл әкімдерінің сайлауы дебат ойындарына арқау болды

Ауыл әкімдерінің сайлауы дебат ойындарына арқау болды

Дүниежүзілік сайлау күніне орай Жас сайлаушылар клубының мүшелері арасында дебат ойындары өткізілді.

«Ұшқыр» және «Ақиқат» тобына жиналған жастар «Ауыл және аудан әкімдерін тікелей сайлау – жергілікті демократияны күшейтті ме?» тақырыбында ой жарысты.

Жақтаушы тарап дебатта  «халықтың саяси белсенділігі артты, әкімдердің жауапкершілігі күшейді» деген фактілерге сүйенсе, даттаушы тарап «науқандық сипатта өтті, нақты билік пен қаржы тәуелсіздігі жоқ» деген көзқарасты алға тартты.




Қазылар алқасының құрамында болған Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері жастардың тақырыпты игеруі және фактілердің барынша болуына баса мән берді.

Дебат ойындарында «Ақиқат» тобы жеңімпаз атанып, сайлау комиссиясы төрағасының «Алғыс хатымен» марапатталды.

Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы
04 ақпан 2026 ж. 51 0