Квиз: кіл мықтыдан кім мықты?
Кез келген квиз адамға ерекше эмоция сыйлап, және шынайы бәсекені көрсетеді. Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы сайлау комиссия мүшелері үшін квиз ойындарын өткізді.Дүниежүзілік сайлау күніне арналған квиздің бірінші айналымы шетелдегі сайлау жүйесіне бағытталса, екінші кезең - «Миф немесе факт» деп аталды. Бұл учаскелік комиссия мүшелерінің логикалық ойлау жүйесіне және сайлау процесіндегі күрделі сәттерде шешім табуына жол ашады. Ал, ақтық кезең - ситуациядан шық деп аталды.
Комиссия төрағалары сайлау процесі кезінде түрлі жағдаяттардан қалай шығу керек және заң аясында комиссиямен бірге алқалы шешім қабылдауға жол ашты.
Квизге 4 команда қатысты. Олар «Әділет», «Руханият», «Алаш», «Болашақ» тобы.
Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының мүшелерінен құрылған қазылар алқасы командалар арасындағы шынайы бәсекеде үздіктерді анықтады.
Барлық кезеңнен сүрінбей етіп, командалық жеңіске жеткен «Руханият» тобы кіл мықтыдан кім мықты екенін дәлелдеді.
Үздік командаға арнайы Алғыс хат табыс етілді.











