Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№3 газет

13 қаңтар 2026 ж.

№2 газет

10 қаңтар 2026 ж.

№ 1 газет

06 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Бейнетке қайырылмаған – Қайыркүл

Бейнетке қайырылмаған – Қайыркүл

Нағыз шаруаның бейнетін көріп, зейнетке шыққан жандар қатары аз емес. Еңбек адамы ретінде олардың есімін ұлықтау – негізгі мақсатымыз. Қоғалыкөл ауылдық амбулаториясында жаны жібектей жұмсақ ардақты ана жұмыс жасайды. Ол кіші буын қызметкері – Қайыркүл Талпақова. Өз кезегінде ауыл халқына адал еңбегімен танылған кейіпкерімізбен әңгімелесудің сәті түсті.

Біз дереу еңбек адамын іздеп, жолығуға асықтық. Қайыркүл Дүзел­­байқызы 2002 жылдан бас­тап Қоғалыкөл амбулаториясында аспаз­шы, 2025 жылға дейін кіші буын қызметкері болып зейнетке шығады. Ол өзіне жүктелген міндеттерді жа­уап­кершілікпен атқарып, меди­циналық мекемедегі санитарлық та­лап­тардың сақталуына ерекше мән берген. Көп жылғы еңбегімен жас қызметкерлерге үлгі болып, еңбекке адалдық пен ұқыптылықтың жарқын көрінісін көрсетіп келген.

Өзіне міндеттелген жұмысқа аса жауапкершілікпен қарап, емдеу меке­месіндегі санитарлық-гигиеналық та­лап­тардың сақталуына мән берген. Емдеу мекемесіндегі тазалықты қам­тамасыз етіп, зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізіп, медициналық құрал-жабдықтардың таза болуын бақылап тиянақты да тыңғылықты жұмыс жасаған. Бұл бір қарағанда қарапайым, бірақ аса жауапты әрі үлкен мұқияттылықты қажет ететін жұмыс. Еңбек адамы ретінде абыройлы жұмыс істеп, бейнетінің зейнетіне де жеткен.

Медицина саласының ардагері Қайыркүл Талпақова жолдасы Болат Қырдановпен бірге ұл-қыз өсіріп, қызды қияға, ұлды ұяға қондырып, 11 немере сүйіп, тәтті қылықтарына тамсанып отырған жайы бар.

– Қоғалыкөл ауылындағы емдеу мекемесінде бірнеше жылдан бері қызмет етіп келдім. Өткен жылы ұжым құрметтеп, зейнет демалысы­на шығарып салды. Талай жыл сала мамандарымен қызмет етіп, сани­тарлық тазалықты үйлестіруге барымызды салдық. Шын мәнінде, кіші буын қызметкеріне де талап жо­ғары. Күнделікті ауыл халқымен ете­не араласып, ұжымның абыро­йын көтеруге күш салдық. Алдағы уақытта немерелердің ортасында бақытты ғұмыр кешіп, осыған дейінгі еткен еңбектің жемісін көргім келеді, – дейді Қайыркүл Талпақова.
Жұмыстың қай саласы болсын оңайы жоқ. Бұл қызметтегі әрбір жан құрметке лайық. Өйткені, төк­кен еңбегі – қажырдың, төзімнің, адалдықтың нақты көрінісі. Бүгінгі кейіп­керіміз тек еңбектің майталманы ғана емес, ақ жаулықты әже.

Ақтоты ӨТЕПБЕРГЕНОВА

13 қаңтар 2026 ж. 119 0