Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Халық қалаулылары ардагерлермен кездесті

Халық қалаулылары ардагерлермен кездесті

Бүгін ауданға жұмыс сапары барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұрат Ергешбаев пен Мархабат Жайымбетов аудан ардагерлерімен кездесті.

Кездесу барысында халық қалаулылары ардагерлерді Жаңа жылмен құттықтап, елдегі азаматтардың жағдайын көзбен көру, ауылдық елді мемекендерді дамыту, азаматтарды әлеуметтік қолдау бағытында мемлекет тарапынан жасалып отырған жұмыстардың жүзеге асырылу барысымен танысу мақсатында жұмыс сапарымен келгендерін атап өтті. Сонымен бірге, ашық пікір алмасу арқылы жергілікті жерлердегі негізгі проблемалық мәселелерді анықтап, оларды заңнамалық тұрғыда жүзеге асуына қолдау білдіру екенін айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Өз кезегінде аудан ардагерлері Сыр өңірінде, оның ішінде ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ, депутаттарға ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Халық қалаулылары ұсыныстарды назарға алып, сол бағытта жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

07 қаңтар 2026 ж. 643 0