Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Мемлекеттік қызметтегі адалдық пен жауапкершілік

Мемлекеттік қызметтегі адалдық пен жауапкершілік

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында Сырдария ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Нұржан Ешниязов мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізіп, қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша кең көлемді түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесуде мемлекеттік қызметшілердің күнделікті қызметте жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік қағидаларын ұстануы, халықпен қарым-қатынаста әдептілік пен сыпайылықты сақтау, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және лауазымдық өкілеттіктерді дұрыс пайдалану мәселелері көтерілді.

Сонымен қатар, жиын барысында мемлекеттік қызметтің қоғам алдындағы рөлі, мемлекеттік қызметшінің әрбір әрекеті мен сөзі халықтың мемлекеттік билікке деген сеніміне тікелей әсер ететіні айтылды.

Кездесу соңында аппарат басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Нұржан Ерділдәұлы мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдеп нормаларын бұлжытпай сақтауды, халыққа сапалы және адал қызмет көрсетуді, сондай-ақ өз іс-әрекеттерінде жоғары жауапкершілік пен үлгі болуды тапсырды.
15 желтоқсан 2025 ж. 197 0