Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Кітап – AMANAT» жобасы аясында игі іс-шаралар ұйымдастырылуда

«Кітап – AMANAT» жобасы аясында игі іс-шаралар ұйымдастырылуда

«AMANAT» партиясының «Кітап – AMANAT» партиялық жобасы аясында Сырдария ауданында игі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Мәселен, партияның аудандыұ филиалының ұйытқы болуымен елімізге белгілі ақын-жазушылар мен көрнекті қаламгерлердің өмірі мен шығармашылығы насихатталуда. Бұл іс-шараларға фракция мүшелері, бастауыш партия ұйымының төрағалары мен белсенділері, зиялы қауым өкілдері қатысуда.

Апта ағымында партияның аудандық филиалының және «Білім», «Мәдениет» бастауыш партия ұйымының бірлесе ұйымдастыруымен жазушы, қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы Сапарғали Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты бір жазушы сағаты және кітап көрмесі өткізілді.

Кітапхана оқырмандарына, жалпы көпшілік қауымға балалар жазушысы Сапарғали Бегалин жайында мағлұмат бере отырып, оның өлеңдері мен шығармаларын таныстырып, жұртшылықты адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеуді мақсат еткен іс-шарада естеліктер айтылды. Қаламгердің өмірі мен шығармашылығы өскелең ұрпаққа үлгі екендігі насихатталды.

Айта кету керек, «AMANAT» партиясының «Кітап – AMANAT» партиялық жобасы аясында кітапхана қорына бірқатар кітаптар сыйға тарту етілді. Алдағы уақытта да осы тектес іс-шаралар жалғасатын болады. Жазушылардың өмірі мен шығармашылығын зерделеу, жаңа заман талабына сай жұртшылыққа таныстырып, насихаттау партиялық жобалар аясында өткізіліп келеді.
16 қыркүйек 2025 ж. 41 0