Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » «Кітап – AMANAT» жобасы аясында арнайы тұрақты бұрыш ашылды

«Кітап – AMANAT» жобасы аясында арнайы тұрақты бұрыш ашылды

Облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың тікелей қолдауымен ашылған «Руханият» орталығындағы аудандық орталықтандырылған кітапхананың оқырмандарға арналған бөлмесінен «Кітап – AMANAT» жобасы аясында арнайы тұрақты бұрыш ашылды.

Кітапханашылар «AMANAT» партиясының «Кітап – AMANAT» жобасының көрнекіліктерін орналастырып, жаңа әдебиеттермен толықтырып, «Кітап оқитын ұлт» қалыптастыру бағытында партияның аудандық филиалымен бірлесе жұмыс атқаруға ынталы екендіктерін айтты.

Кітапхананың жаңа заман талабына сай жабдықталуы сала жұмысын жаңа деңгейге көтерді. Бүгінде аудан кітапханашылары түрлі бағытта жүйелі жұмыс істеуде.

«Кітап – AMANAT» жобасы аясында ашылған арнайы тұрақты бұрыш көрнекті ақын-жазушылар мен қаламгерлердің кітаптарын насихаттауға, кітапхана жұмысын жандандыруға, ауданның оң имиджін қалыптастыруға септігін тигізеді деп сенеміз.

03 қазан 2025 ж. 328 0