Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Ұлттық мұра» жобасы аясында қазақ күресінен ашық біріншілік өтті

«Ұлттық мұра» жобасы аясында қазақ күресінен ашық біріншілік өтті

«AMANAT» партиясының «Ұлттық мұра» жобасы аясында Тереңөзек кентінде «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында қазақ күресінен ашық біріншілік өтті. Жарысты ұйымдастыруға «AMANAT» партиясының Сырдария аудандық филиалымен қатар аудан әкімдігі, аудандық прокуратура, аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі атсалысты.

Спорттық іс-шараға «AMANAT» партиясының Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы қатысты.

– «AMANAT» партиясы спорт саласын қолдау жұмыстарына ерекше мән беріп келеді. Бүгінгі іс-шараның басты мақсаты – спорттың бұқаралық сипатын арттыру болып табылады. Елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын жастардың жат әдеттерге бой алдырмай, дені сау, саналы болып өскені дұрыс. Сондықтан нашақорлық, уытқұмарлық, ішімдік секілді зиянды әдеттерге ел жастары қарсы болып, спортпен шұғылданғаны жөн. «Ұлттық мұра» жобасының да басты мақсаты ұлттық құндылықтарымызды дамыту арқылы жастарға патриоттық тәрбие беру, – деді Ақтөре Ибрагимұлы.

Өз кезегінде Сырдардия аудандық балалар-жасөспірмдер дене даярлық клубының директоры Жасұлан Қаусов спортшыларға сәттілік тіледі.

Жарысқа 12 команда 200-ге жуық спортшы қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы Алғыс хатпен, естелік сыйлықтармен марапатталды.
23 қараша 2024 ж. 38 0