Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық бессайысшылар Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді

Қазақстандық бессайысшылар Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді

Аичи-Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Қазақстан ерлер құрамасы қазіргі бессайыстан командалық есепте қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, командалық сайыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 4647 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады. Бірінші орынды Оңтүстік Корея (4779 ұпай), екінші орынды Қытай (4768 ұпай) иеленді.

Қазақстан намысын Валерий Тихон, Темірлан Абдраимов, Лев Чувашов қорғады.
Қазіргі бессайыс бағдарламасында спортшылар семсерлесу, кедергілер жолағы, жүзу және лазер-ран кезеңдерінде бақ сынады.


Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында Аичи-Нагоядағы Азия ойындарының төрт жүлдесі бар. Атап айтсақ, екі алтын және екі қола. Бұған дейін велоспорттан Рината Сұлтанова мен Алексей Луценко чемпион атанса, ерлер арасындағы триатлонда Арлан Жанабай қола медаль иеленген болатын.

Сурет: ТСМ

20 қыркүйек 2026 ж. 49 0