Бюджет – халықтың байлығы, қорғау – әркімнің парызы

Әрбір мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың нормаларын қатаң сақтауға міндетті. Заң тек жемқорлық әрекеттерінен аулақ болуды ғана емес, сонымен қатар оның кез келген көрінісіне жеке төзбеушілік танытуды, пара беру немесе басқа да құқықбұзушылықтар туралы дер кезінде хабарлауды талап етеді.
Сыбайлас жемқорлық адал бәсекелестікке кедергі келтіреді, мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін төмендетеді, қаражаттың мақсатсыз жұмсалуына, жаңа технологиялар мен бастамалардың жүзеге аспауына әкеледі. Ол инвестиция тартуға тосқауыл қойып, халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне себеп болады.
Мемлекеттік қызметшілер өз қызметтік міндеттерін, әсіресе бюджеттік қатынастар саласында, ұқыпты әрі жауапкершілікпен орындауға тиіс. Объективтілік, ашықтық және заңдылық – әрбір шенеунік басшылыққа алуы тиіс басты қағидалар.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру жеке үлгіден басталады. Қоғам мен мемлекеттің бірлескен күш-жігері арқылы ғана сыбайлас жемқорлықты жою және әділетті, өркендеген Қазақстанды құру мүмкін болады.
Н.Ә.Қарсақбаев Қызылорда облысы бойынша ішкі
мемлекеттік аудит департаментінің бас маманы