Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

№ 73 газет

27 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Ұстазға құрмет – ұлтқа құрмет

Ұстазға құрмет – ұлтқа құрмет

Ұстаз – ұрпақ тәрбиешісі, ұстаз – адамзаттың шамшырағы. Қазан айының алғашқы жексенбісінде Халықаралық ұстаздар күні атап өтіледі. Бұл күн – саналы ғұмырын ел ертеңдеріне арнаған сала мамандарына құрмет көрсететін атаулы мереке. Аудан көлемінде ұстаздар күні қарсаңында дәстүрлі түрдегі салтанатты іс-шара өтті.

Ең алдымен аудан әкімі аудандық білім бөлімі­нің залында ардагер ұстаздарды қабылдады. Ұзақ жыл абыройлы қызмет етіп, сала ардагері атанған жандарға құрмет көрсетіп, пікір алмасты. Ардагер ұстаздарға сый-құрмет көрсетіп, марапаттады. Жиынға аудан әкімі Берік Сәрменбаев, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, ау­дан­дық ардагерлер кеңесінің төра­ғасы Мұса Келдібаев, сала ардагерлері, ұла­ғат­ты ұстаздар қауымы қатысты.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Ұстаз – тәлім-тәрбие мен білімнің қайнар көзі. Кез келген қоғамның кемелдігі, өркениеттілігі ұстазға деген құрметімен өлшенеді. Ұстазын ұлық­таған елдің ұрпағы саналы, болашағы жарқын болады» деп атап өтті. Президентіміздің тапсырмасымен, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен білім саласында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Елімізде ұстаздардың кәсіби шеберліктерін нығайтуға, білімдерін арттыруға тұрақты жағдай жасалған. Бюджеттің де ең негізгі бөлігі білім саласына бөлініп келеді. Осындай қол­даумен аудан ұстаздары мен ардагерлерінің арқасында білім беруде қол жеткен табыстарымыз да аз емес. Мағжан Жұмабаевтың «Алты Алаштың баласы бас қосқанда, қадірлі орын – мұғалімдікі» деуі бекерден-бекер емес. Бұл – ұстаздардың қоғамдағы орнын айшықтайтын баға, ұстазға деген халқымыздың құрметі, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Жиын басында құрметті қонақтар ұстаздарға шынайы лебіз-тілегін білдірді. Сала ардагерлері шынайы ризашылығын айтып, өзара пікір алмас­ты.

Одан кейін іс-шара аудандық мәдениет үйінде жалғасын тапты. Іс-шарада аудан әкімі сөз сөйлеп, мұғалімдерді жаңа оқу жылына тұспа-тұс келетін Ұстаздар күнімен құттықтады.

– «Оқу – білім азығы, білім – ырыс қазығы» дейді дана халқымыз. Білім – баға жетпес байлық, мемлекет дамуының алтын арқауы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білім мен ғылымның дамуына аса мән беріп, жастарды оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге үндеп келеді. Президентіміздің тапсырмасымен, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен аймақта білім саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жаңа оқу жылы жаңа қарқынмен бас­талды. Білім саласындағы жарқын жетістіктер аудан ұстаздарының еңбегінің нәтижесі деп біле­мін. Сондықтан мектептің жүрегі саналатын ұстаздар қауымына, оларға үнемі қолдау білді­ретін сала ардагерлеріне шынайы алғысымды білдіремін. Білім саласындағы жетістіктер аудан ұстаз­дарының қажырлы еңбегінің нәтижесі деп білемін. Сондықтан ұстаздар қауымына шынайы алғысымды білдіремін және жоғары жетістіктер биыл да жалғасады деп сенемін, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Салтанатты жиын барысында оқушыларымен биік белестерді бағындырып жүрген ұстаздар қауымы марапат төрінен көрінді. Еңбегі еленген білім нәрін себуші ардақты жандарға ҚР БМ «Құрмет грамотасы», облыс, аудан әкімінің Алғыс хаты, облыстық білім басқармасы, кәсіподақ коми­­тетінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттары табыс­талды. Өз кезегінде аяулы ұстаздарға сый-құрмет көрсетілді.

Мұғалімнің ерен еңбегін бейнелеген прологпен басталған салтанатты іс-шара «Ұстаз аты мәңгілік, жадымда қалар жаңғырып» тақырыбын арқау етті. Мерейлі күнде ұлағатты ұстаздар қауымының мерекесіне арналған аудан әкімінің ықылас гүлі сахна төріне қойылды. Одан кейін өнер­паздар концерттік бағдарлама ұсынып, ұстаз­дар қауымына құрмет көрсетті.

А.МҰХАНБЕТҚАЛИ

04 қазан 2025 ж. 136 0