Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Ардагер ұстазға құрмет көрсетті

Ардагер ұстазға құрмет көрсетті

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында аудан әкімі Мұрат Ергешбаев және аудандық мәслихат хатшысы Ержан Әжікенов ҚР Білім беру ісінің үздігі, ардагер ұстаз Әзімхан Жүнісовтың отбасында болып, құрмет көрсетті. Білім беру саласының ардагеріне аудан әкімі өз құттықтауын табыс етіп, сый-сияпат ұсынды.

Жетікөл ауылындағы ардагердің шаңырағында болған аудан басшысы ағымдағы жылды аудан табысты аяқтап, келер жылы да жүйелі жұмыстар жалғасын табатынын жеткізді. Еңбек ардагері атқарушы билік тарапынан көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Сонымен қатар аудандық мәслихат хатшысы Ержан Ертарғынұлы ардагер ұстаздың отбасына игі тілектестігін білдірді.

@Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

31 желтоқсан 2021 ж. 716 0