Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№83 газет

03 қараша 2026 ж.

№82 газет

29 қазан 2026 ж.

№81 газет

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Есірткісіз болашақ – жастардың келешегіне кепіл

Есірткісіз болашақ – жастардың келешегіне кепіл

Қоғамды алаңдатқан өзекті мәселенің бірі – нашақорлық екені мәлім. Оның зияндылығын алдын алу мақсатында аудан бойынша бірнеше кешенді іс-шара жоспарға қойылған.

Өз кезегінде «Руханият орталығында» аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен жүзеге асқан «Есірткісіз болашақ» тақырыбындағы байқаудың қорытындысы шығарылды. Оған Сырдария аудандық прокуратурасы­ның прокуроры Арман Жұмашев, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Ернар Зұлқарнаев, аудандық полиция бөлімінің инс­пекторы Айгүл Ырысымова, аудандық емха­наның наркологы Қалдыбек Жұмабеков қатысты.

Негізінен аудандық байқауда елді мекендердің мәдениет ошақтары да­йын­даған бейнероликтер сараланды. Байқау барысында қатысушылар есірткінің зиян­дылығын, адам өміріне қауіптілігін барынша көрсете білген. Айрықша форматта жүзеге асқан іс-шарада құрметті меймандар сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

– «Есірткісіз болашақ» акциясы аясында ұйымдастырылған іс-шара жастарды жаман әдеттен аулақ болуға шақыруға арналып отыр. Жалпы қоғам өмірінде есірткіге тәуелді болып, нашақорлықтың зардабын тартқан қаншама адам бар. Соларды өмірге қайта бейімдеу – маңызды. Біз осы жолда оқушы санасына есірткісіз болашақ жарқын екенін ұғындыруды көздейміз. Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта жалғасын табатын болады, – деді аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысы Анар Қалдыбаева.

Сайыс қорытындысында І орынды Ғафурдин Жанұзақов атындағы Айдарлы ауылдық клубы, ІІ орынды аудандық мәдениет үйі, ІІІ орынды Тереңөзек кенті клубы, иеленді. Барлық жеңімпаз бен жүлдегерге бағалы сыйлық пен арнайы дип­лом тапсырылды.

Ақтоты ӨТЕПБЕРГЕНОВА


27 қыркүйек 2025 ж. 304 0