Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Есірткісіз аймаққа - еріктілер де үн қосуда

Есірткісіз аймаққа - еріктілер де үн қосуда

Есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстарды алдын алу, болдырмау және профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында «Есірткісіз аймақ» жобасы ауданымызда жан-жақты жүзеге асырылуда.

Іс-шаралар жоспарына сәйкес ауданға қарасты кент және ауылдық округтерде жергілікті аймақтар бойынша жер телімдеріне аралау, шолу (қосымша дүрбі, дронмен аралау) жұмыстары жүргізілуде.

Аталған іс-шараға аудан әкімдігі, аудандық прокуратура, аудандық полиция бөлімі, аудан әкімінің өкімімен құрылған жұмысшы топтың мүшелері мен аудандық жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған "Сырдария жастары" еріктілер штабының еріктілері де қатысып, белсенділік танытуда.

«Есірткісіз аймақ» жобасы бойынша іс-шара 2023 жылдың аяғына дейін жалғасып, ауданның барлық елді мекендері толық қамтылатын болады.

Сонымен қатар, аудандық жастар ресурстық орталығы тарапынан есірткіні қолданудың салдары туралы бейнероликтер көрсетіліп, есірткіге қарсы ақпараттық үнпарақтар таратылды. Бұл жұмыстар өз жалғасын табатын болады.
Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы
25 маусым 2023 ж. 279 0