Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Құқықтық сауаттылық деңгейі артады

Құқықтық сауаттылық деңгейі артады

Бүгінде еліміз бойынша алаяқтық және нашақорлық мәселесіне баса назар аударылып келеді. Күн са­йын алаяқтың арбауына иланған көпшілік қолындағы барынан айырылуда. Қисынсыз іс-әрекетке баратын жандардың айласына құрық бойламайды. Ал адам өміріне едәуір зардап келтіретін нашақорлықтың алдын алу – күн тәртібінен түспеу керек. Бұл ретте өзекті қос мәселенің мәнісіне тереңдей білген Қызылорда облысының прокуроры Ризабек Ожаровтың арнайы өкімімен «Киберволонтер» қадағалау-профилактикалық іс-шарасы бастау алды.

Осы күні аудандарда «Киберволонтер» қадағалау-профи­лактикалық іс-шарасын жүргізу мақсатында арнайы топ құрылды. Сырдария ауданы бойынша жасақталған топ мүшелерімен Сырдария ауданының прокуроры Абай Әлімбаев кездесу өткізіп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстың басым-бағыты жөнінде түсіндірді.

– Шындығында, алаяқтық пен нашақорлық мәселесіне Мемлекет басшысы баса назар аударып отырғаны мәлім. Осы күні алаяқтың құрығынан шыға алмаған көпшілік арыз-шағым түсіріп жатады. Біз қашанда алаяқтардан сақ болу керектігін жергілікті тұрғындарға толықтай түсіндіріп келеміз. Күнделікті тіршілік ауанымен, жұмыс барысымен ұсақ-түйек дүниелерге мән бере бермейтін жандарды құқықтық сауаттандыру – маңызды рөл ойнайды. Есірткіге тәуелділіктің кесірі орасан екенін жақсы білеміз. Күн сайын қаншама отбасының татулығы бұзылып, есірткі соңына түскен жандар барлық жағдайда қиындыққа тап болып жатады. «Кибервонлотер» қадағалау-профилактикалық іс-шарасын жүзеге асыру мақсатында арнайы топ құрып отырмыз. Бұл топқа жүктелетін міндет ерекше. Сондықтан біз әрбір іс-шараның сапалы әрі ұтымды ұйымдастырылуына аса мән береміз, – деді аудан прокуроры.

Негізінен, аудан көлемінде құрылған «Киберволонтер» қа­дағалау-профилактикалық іс-шарасын өткізетін топ құрамында аудандық прокуратураның про­куроры Әсел Төлегенова, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық­тық жұмыстар бөлімінің бас­шысы Ернар Зұлқарнаев, ау­дандық полиция бөлімінің жедел уәкілі Дулат Алиев, ау­дандық по­лиция бөліміне қа­расты ЖПҚб-ның бастығы, по­лиция ма­­­­йоры Аза­мат Спатаев,

по­­­­ли­­ция аға-лейтенанты Олжас До­спаев, аудандық қо­ғам­дық да­­му бөлімінің басшысы Бейбіт Смайлов, «Қазақстан Ха­лық банкі» АҚ Қызылорда фил­иалының Сыр­­дария басқармасы бастығы Асылбек Палымбетов, ау­дандық бі­лім бөлімінің басшысы Еркебұлан Жақып, жастар ресурстық ор­талығының директоры Айгүл Ахметова, орталықтың кеңесшілері Жансая Байтәжиева, Мұхамед Сейіл­ханов, аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің бас редак­торы Аружан Мұханбетқали бар.

Аудандық прокуратурасында өткен жиыннан кейін арнайы топ мүшелері «Серікбол» сауда үйі және «Жазира» дүкеніне барып, түсіндірме жұмысын жүргізді. Үнпарақтар таратылып, тұрғындар сауалына жауап берілді.

Б.АЯБЕКҰЛЫ

17 мамыр 2025 ж. 121 0