Нашақорлықпен күресу – қоғам міндеті

Кездесуге Сырдария аудандық прокуратурасының прокуроры Б.Жұмағали, Сырдария АПб-нің бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Ә.Қанзадаев, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Е.Зұлқарнаев, кент, ауылдық округ әкімдері және жауапты сала басшылары қатысты.
Сырдария ауданында есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстарды алдын-алу, анықтау, болдырмау мақсатында және есірткінің заңсыз айналымын кәсіп еткен кылмыстық топтарды әшкерелеу бағытында облыстық прокуратурамен әзірленген «Есірткісіз аймақ» іс-шарасы жоспары бекітіліп, жоспар аясында құқық қорғау органдарымен бірлесіп тиісті жұмыстар жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар, барлық елді мекенде есірткі егілген жерлерді анықтау мақсатында жұмысшы топ құрылып, есірткіні заңсыз өсіру қылмыстарының алдын алу және анықтау мақсатында Меморандум бекітілген. Есірткі бизнесімен және нашақорлықпен күрес жүргізу тек қана құқық қорғау органдарының ғана емес, ол жалпы халықтың міндеті болып саналуы тиіс.
Кездесу аясында кешенді жоспар жан-жақты талқыланып, жауапты сала басшыларына тапсырмалар берілді.

