Заңсыз балық аулаған

Сотталушы У. Сырдария ауданы, С.Сейфуллин ауылының аумағында орналасқан «Қазымбет» көлінде кәсіпшілік емес балық аулау кезінде қолдануға рұқсат етілмеген 10 дана ауын «Қазымбет» көліне құрып, заңсыз балық аулап, ауланған балығын өзінің басқаруындағы мемлекеттік тіркеу белгісі жоқ «Непр» маркалы мотоцикліне салып, оқиға орнынан кетіп бара жатқан кезде Арал-Сырдария облыс аралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлеріне ұсталған. Қоршаған ортаға 403 517,57 теңге көлемінде залал келтірген.
Сотталушы У. қылмыстық құқық бұзушылық әрекеттері өзінің мойындау жауаптарынан басқа, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жинақталған алу жүргізу хаттамасымен, сот-биологиялық және сот-трасологиялық сараптамасының қорытындысымен, Арал-Сырдария облыс аралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қоршаған ортаға келтірілген залалды есептеу анықтамасымен және қылмыстық істегі басқа дәлелдермен толық дәлелденген.
Сот үкімімен сотталушы У. ҚК-нің 335-бабы1-бөлігінің 1)тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасау құралы 1 дана резеңке қайық, 10 дана ау, 1 дана жатын төсек, 1 дана газ баллон, 1 дана мемлекеттік тіркеу белгісі жоқ «Непр» маркалы мотоциклін тәркілей отырып, балық ресурстарын және өзге де су жануарларын аулау қызметімен айналысу құқығынан 1 жыл мерзімге айыра отырып, 1жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Азаматтық жауапкер У. мемлекет пайдасына 403 517, 57 тиын қылмыспен қоршаған ортаға келтірілген залал және 12 105,53 тиын мемлекеттік баж өндірілді.
Сырдария аудандық соты
Фото: Н.Нұржаубай