Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеңгесіне қол көтергені үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылды

Жеңгесіне қол көтергені үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылды

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 109-1-бабының 1-бөлігімен азамат О.-ға қатысты қылмыстық теріс қылықты жасағаны үшін іс қаралды.

Азамат О. жеңгесін, оң қолымен мойнынан қылғындырып, итеріп жіберіп, соңғының басы жылыту батареясына ұрылып, тән ауруына ұшыратқан, денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу әрекеттерiн жасаған.

Сотталушының кінәсі оқиға орнын қарап-тексеру хаттамасымен, сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен және істің басқа да құжаттарымен дәлелденді.

Сотталушы О. өзінің кінәсін мойындап, шын жүректен өкінетіндігін айтты, ал жәбірленуші кешірім берді.

Сотталушы О. ақтауға не істі тоқтатуға негіздер жоқ. Себебі О., бұған дейін ҚК-нің 107-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық іс қаралып, ол тараптардың татуласуына байланысты 2025 жылғы 14 мамырда Сырдария аудандық сотының қаулысымен қылмыстық жауаптылықтан босатылған және ҚК-нің 71-бабының 1-бөлігінде белгіленген қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі өтпеген. Осыған байланысты, сотталушы О. Татуласуына байланысты істі тоқтатуға негіздер жоқ.

Сот үкімімен сотталушы О.-ға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 109-1-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20  айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 78 640 теңге айыппұл салынған.


Сырдария аудандық соты
Фото: Н.НҰРЖАУБАЙ
22 қыркүйек 2025 ж. 56 0