Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 72 газет

23 қыркүйек 2025 ж.

№ 71 газет

20 қыркүйек 2025 ж.

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Жемқорлық пен алаяқтық – ауыр ­қылмыс,­ ал қылмыстың өтеуі – жаза

Жемқорлық пен алаяқтық – ауыр ­қылмыс,­ ал қылмыстың өтеуі – жаза

Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің сыбайлас жемқорлық пен алаяқтық қылмыстарының алдын алу бағытындағы әлеуметтік жобасы аясында «Сырдария – Нұрдария» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ауылдық округтерде кездесулер мен қабылдаулар өткізілді. Жиындарға қоғамдық қор төрағасы Марат Омаров бастаған азаматтар қатысып, тұрғындарға мемлекеттік саясаттың басым бағыттары мен қылмыспен күрес жүргізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

Алғашқы жиын Айдарлы ауылынан басталды. Ауыл әкімдігінің мәжіліс залында өткізілген жиынды ашып, мәні мен мазмұнын түсіндірген «Сырдария – Нұрдария» қоғамдық қорының төрағасы Марат Омаров сыбайлас жемқорлықпен күрес, алаяқтарды құрықтау баршаға ортақ іс екенін айтып өтті. Өз кезегінде «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Ақтөре Ибрагимұлы Мемлекет басшысының бастамасымен Әді­летті Қазақстан құру жолында елімізде саяси реформалар жүзеге асып жатқанына тоқталды.

– Өздеріңізге белгілі, Әділетті Қазақстан құру жолында Мемлекет бас­шысының бастамасымен елімізде ауқымды саяси реформалар жүзеге асуда. Сол реформалардың басты мақсаттарының бірі – сыбайлас жемқорлықты жою еке­ні белгілі. Бұл туралы Ел Президенті әркез айтып, Үкіметке нақты тапсырма беріп, қоғамды да жемқорлыққа қарсы күре­суге шақыруда. Осы ретте «Сырдария Нұрдария» қоры жыл сайын түрлі бағытта іс-шаралар өткізіп келеді. Бұл жұмысқа аудан әкімдігі мен аудандық прокуратура қолдау көрсетуде. Бүгінгі жиын сол іс-шара­лардың жалғасы және алдағы мақсат-міндеттерді айқындайтын жиын болмақ, – деді Ақтөре Ибрагимұлы.

Мұнан соң аудандық прокуратураның прокуроры Арман Жұмашев, заңгер, адвокат Ғабит Сақтағанов, аудандық полиция бөлімінің тергеушісі Бауыржан Аблазиев, жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Жандос Жұмабек сөз сөйлеп, соңғы уақытта алаяқтық қылмыстар көбейіп кеткенін, бұл өте өзекті тақырып екенін айтты.

– Бұл мәселемен құқық қорғау органдары ғана емес қарапайым халық та бетпе-бет келуде. Алдау, арбау, адамның сеніміне кіріп, атынан несие алу, жер алып беремін, тұрғын үй кезегін алға жылжытамын немесе жұмысқа орна­ласуына жәрдемдесемін деп алаяқтық жолмен қаржы жымқыру көбеймесе, аза­йып жатқан жоқ. Бұл мәселе кейде саяси сауатты, оқыған-тоқыған азаматтарды да тығырыққа тіреуде. Сондықтан біз барынша алаяқтардан сақ болуымыз керек. Ол үшін біз тек ресми ақпараттарға ғана сеніп, телефонмен айтылатын хабарламаларды терең сүзгіден өткізуіміз керек, – деді тұрғындармен кездесуде заңгер, адвокат Ғабит Сақтағанов.

Жиын барысында аудандық проку­ратураның прокуроры Арман Жұмашев елді мекен тұрғындарын бірлесе еңбек етуге шақырып, сыбайлас жемқорлық пен алаяқтық қылмыстарының алдын алу бағытында күш біріктірудің маңыздылығын жеткізді. Жиын Жетікөл, Аманкелді ауыл­дарында жалғасты. Мұнда да сыбайлас жем­қорлық пен алаяқтық қылмыстарының алдын алудың маңыздылығы айтылды. Ауыл әкімдері мен ауылдардан сайланған аудандық мәслихат депутаттары да кез­десуге қатысып, тұрғындарды толғандырған тақырып бойынша ой-пікірлерін ортаға салды. Бесарық, Қоғалыкөл, Шіркейлі ауылындағы кездесу жиындарына ауыл тұр­ғын­дарымен қатар ардагерлер мен жастар өкілдері қатысты.

– Біз сыбайлас жемқорлықты жою, алаяқтық ­пен ­ күресу, кибер­қылмыс­кер­лердің құйтұрқы әрекеттеріне тосқауыл қою – тек құқық қорғау органдарының міндеті деген түсініктен арылуымыз керек. Бұл біз бірлесе жұмыс жасасақ ғана нәтиже беретін іс. Сондықтан қоғам үшін ортақ мәселені шешуге баршаңызды атсалысуға шақырамын. Бүгін айтылған ұсыныс-пікірлер алдағы жұмыс барысында ескерілуі керек деп есептеймін, – деді аудан­дық прокуратураның прокуроры Арман Жұмашев.

«Сырдария – Нұрдария» қоғамдық қоры ұйымдастырған жиын Н.Ілиясов, Шаған, Іңкәрдария, Ақжарма ауылдарында да өткізілді.
– Мемлекет басшысы биылғы Жол­дауында да, бұдан бұрын жасаған мәлім­демелері мен үндеулерінде де сы­байлас жемқорлықпен, алаяқтықпен күрес ортақ міндет екенін айтып келеді. Расында да біздің қазіргі таңдағы негізгі мақсатымыз – әділетті қоғам құру және соның арқасында дамудың сара жолына түскен озық ел болу. Сондықтан мемлекет осы бағыттағы маңызды реформаларды жалғастырады. Оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, алаяқтық қылмыстарының жолын кесу мақсатындағы жүйелі жұмыстың тоқтамайтыны анық. Бұлай деуім­ізге Мемлекет басшысының «...біздің қоғамымызда заң мен тәртіп үстемдік құруға тиіс. Біз сонда ғана Әділетті, Таза және Қауіпсіз Қазақстанды құра аламыз. Осы стратегиялық мақсатымызға жету үшін еліміздің бейбіт өмір сүруіне және тұрақты дамуына қолайлы сыртқы жағдай қалыптастыруымыз қажет. Бұл – қазіргі аса күрделі геосаяси ахуал кезінде өте жоғары кәсібилікті талап ететін дипломатияның міндеті» деген сөзі дәлел бола алады. Аудандық полиция бөлімі қылмыспен күрес жұмыстарын қарқынды түрде жалғастыра береді, – деді аудандық полиция бөлімінің тергеушісі Бауыржан Аблазиев.

Өз кезегінде жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Жандос Жұмабек «Заң және тәртіп» қғаидаты, «Қылмыссыз ауыл» жобасы туралы айтты. Бұл жобалардың бәрі – қылмысты азайтуға, қылмыскерлерді құрықтап, жазалауға бағытталғанын жет­кізіп, қылмыстың өтеуі – жаза екенін айтты.

– Жемқорлықпен, алаяқтықпен тапқан табыстың берекесі болмайды. Жемқор­ларды соттап, алаяқтарды түрмеге қамау жұмысы қарқынды жүргізілуде. Айна­ламызда болып жатқан қорқынышты қыл­мыстардан сабақ алғанымыз дұрыс. Сы­байлас жемқорлықпен күрес, интернет алаяқтықтан халықты сақтандыру – ортақ міндетіміз, – деді ол.

Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің әлеуметтік жобасы аясындағы кездесулер Тереңөзек кентіндегі «Руха­ният» орталығында, С.Сейфуллин, А.Тоқ­мағанбетов, Қалжан ахун ауылында жал­ғасты. Қалжан ахун ауылындағы жиында «Халық банкі» АҚ Сырдария аудандық бөлімшесінің басшысы А.Палымбетов пен аудандық прокуратураның прокуроры Арман Жұмашев тұрғындарға күнделікті жұмыс барысында кездесіп жатқан оқи­ғалар мен қылмыстар туралы түсіндірме жұмысын жүргізді. Банк картасын ешкімге бермеу, құпия сөз бен кодтарды ешкімге айтпау, жалған хабарламаларға сенбеу, тек ресми органдардың мәліметіне сүйену, бейтаныс адамдарға қаржылық аударымдар жасамау жөнінде кеңінен айтылды. Айта кету керек, ауылдарда өткен кездесулер аясында «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Ақтөре Ибрагимұлы құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірге жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың өзекті мәселелерін тың­дады. Осылайша, аудан орталығы мен барлық елді мекенді қамтыған кездесулер ойдағыдай қорытындыланды. Расында да жемқорлық пен алаяқтық – ауыр қылмыс, ал қылмыстың өтеуі – жаза...


А.МҰХАНБЕТҚАЛИ

23 қыркүйек 2025 ж. 71 0