Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№4 газет

18 қаңтар 2025 ж.

№3 газет

14 қаңтар 2025 ж.

№ 2 газет

11 қаңтар 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » «Құқықтық көмек» жобасы халықтың құқықтық сауаттылығын көтеруге бағытталған

«Құқықтық көмек» жобасы халықтың құқықтық сауаттылығын көтеруге бағытталған

Сырдария ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сананы жаңғырту бағытында форум өткізілді. Форумға аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев, аудандық прокуратураның прокуроры Қ.Алдаберген, «AMANAT» партиясының Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы А.Ибрагимұлы, ардагерлер, тиісті бөлім, мекеме басшылары мен жауапты мамандар қатысты.

Форумды аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев ашып, жүргізіп отырды. Форумда сыбайлас жемқорлықты жою – мемлекеттік саясаттың басым бағыты екені айтылды. Сондай-ақ жемқорлықты жою мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде аудандық аурухананың, аудандық білім бөлімінің баяндамасы тыңдалды.

Аудандық прокуратураның прокуроры Қ.Алдаберген сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, нашақорлық секілді ауыр қылмыстар туралы айтып, қосымша баяндама жасады. Форумнан кейін өткізілген шағын құрамдағы жиналыста «AMANAT» партиясының «Құқықтық көмек» жобасы талқыланып, аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев халықтың құқықтық сауаттылығын көтеруге бағытталған іс-шараларды партияның аудандық филиалымен бірлесе жүзеге асырудың, бірлесе еңбек етудің маңыздылығын айтты.

Айта кету керек, форумда аудандық қоғамдық даму бөлімінің әлеуметтік жобасы бойынша «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қоры ұйымдастырған мақалалар байқауының жеңімпаздары мен ыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сананы жаңғырту жұмыстарына атсалысқан азаматтар марапатталды.

28 қараша 2024 ж. 113 0