Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Мәртебесі биік қариялар

Мәртебесі биік қариялар

Ардагерлерді ардақтау – бұрыннан келе жатқан үрдіс. «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында еңбек адамына құрмет көрсету – құптарлық іс. Жақында Тереңөзек кенті әкімдігінің қолдауымен, аудандық ардагерлер кеңесінің бастамасымен бірнеше ардагерге зор ілтипат жасалды.

Аудандық ардагерлер кеңе­сінің төрағасы Мұса Келдібаев бастаған зиялы қауым өкілдері сан салада еңбек еткен ардагерлердің үйіне барды. Талай жыл қыз­метімен танылып, ел құр­метіне бөленген қазы­налы қарттың көпшілігі ден­саулығына байланысты жүріп-тұруы қиындаған. Бей­­нет­тен белі бүгіліп, әрбір жұмыстың қиындығын сезін­ген жандар құрметті мей­мандармен дидарласып, өмір жолына тоқталды.

– Айбыны мықты азамат­тар мен ақ жаулықты ана­лар­дың ғұмыр жолына терең­десек, бір кітапқа жүк болатын тарих жатыр. Тереңөзек кенті әкімдігі бас­тамамызды қолдап, бірқатар қарияны қуантуға тырыстық. Ау­данның әлеуметтік-эко­н­о­микалық дамуына үлес қос­қан жандар қашанда құрметке бөленетіні рас. Олар бізге ақ батасын беріп, шынайы лебізін білдірді. Алдағы уақытта мұндай ізгілікті іс-шара жалғасын таба бермек, – деді Терең­өзек кенті ардагерлер ке­ңесінің төрағасы Сталбек Тобағұлов.

«Тт» ақпарат

16 қыркүйек 2025 ж. 90 0