Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Әйел мейірімі – әлем мейірімі

Әйел мейірімі – әлем мейірімі

«Руханият орталығында» ауданның әжелер алқасының, әйелдер кеңесінің мүшелерімен, жалпы әйел-аналармен кездесу өтті. Мәні мен маңызы терең жиынды «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы, депутаттық фракция жетекшісі Ақтөре Ибрагимұлы ұйымдастырып, жүргізіп отырды. Кездесуге бастауыш партия ұйымының төрайымдары, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген басшы әйелдер, көпбалалы аналар мен түрлі салада еңбек етіп келе жатқан қыз-келіншектер қатысты.

«Ел дамуындағы әйел-аналардың рөлі» тақырыбын­дағы кездесуде «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы, депутаттық фракция жетекшісі Ақтөре Ибрагимұлы прогрессивті елдің маңызды саяси бағытының бірі – әйелдердің қоғамдағы мәр­тебесін арттыру және олардың құқықтарын қорғауға ерекше назар аудару керек екенін айтып өтті.

– Өздеріңіз білетіндей, гендерлік стратегияны жүзеге асыру мақсатында елімізде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия қызмет етеді. 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясатқа қатысты тұжырымдама қабылданды. Бұл бағыттағы жұмыстар мен мемлекеттік қолдау шаралары Қазақстанның әділеттілік қағидаттарын ұстанатынын айқындайды және әрбір адамның табысты болуына мүмкіндіктері бар қоғамды қалыптастыруға әсерін тигізеді. Қазақстанның гендерлік теңдік саласындағы жетістіктерін халықаралық ұйымдар да жоғары бағалауда. Бүгінде Парламентте, Үкіметте еңбек етіп жүрген депутат, министр әйел-аналар көп. Сондай-ақ жер­гілікті жердегі мәслихаттарда, атқарушы органдарда басшылық лауазымда еңбек етіп, өңір дамуына үлес қосып жүрген әйелдердің де саны жыл санап артып келеді. «AMANAT» партиясының Әйелдер қанатын құру мен дамытудағы мақсаты гендерлік теңдік қағидаттарын жүйелі ілгерілетуге, әйелдердің елдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-мәдени өміріне тартуға бағытталған іс-қимылдары мен бастамаларын біріктіру болып табылады, – деді Ақтөре Ибрагимұлы.

Өз кезегінде партия ардагері, аудандық әжелер алқасының төрайымы Ұлмекен Жаналиева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әйелдердің құқық­тарын қорғау, отбасы құндылықтарын нығайту және гендерлік теңдікті насихаттау мәселелеріне ерекше назар аударатынын атап өтті. Ал «И.Тоқтыбаев» бастауыш партия ұйымының төрайымы, аудандық әйелдер кеңесі­нің төрайымы Жанна Сәркеева соңғы жылдары Президент бастамаларының арқасында елімізде гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бағытында маңызды өзгерістер енгізген саяси реформалар жүзеге асырылғанын айтты. Сонымен қатар «Әкімдік» бастауыш партия ұйымының төрайымы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының Сырдария аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Салтанат Бекжүнісова партияның Әйелдер қанатының тікелей қатысуымен әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы заң әзірленгені, партиялық тізімдерде гендерлік квоталар енгізілгені туралы өз ойымен бөлісті.

Кездесу барысында «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы партия жанындағы Әйелдер қанаты Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі мыңдаған әйел-аналар мен белсенді қыз-келіншектерді біріктіріп, әйелдердің мүддесін қорғап, отбасы құндылықтарын насихаттап жатқанына назар аударды. Сондай-ақ «Tomiris», «Қарызсыз қоғам», «Ауыл аманаты» секілді партиялық жобаларға қатысып жатқан әйелдердің көп екені айтылды. Жиын соңында қатысушылар ел дамуындағы әйел-аналардың рөлі туралы ой-пікір айтып, ұсыныстарын ортаға салды.

«Тт» ақпарат


16 қыркүйек 2025 ж. 82 0