Елге еткен еңбегі – бар мақтауға лайық

Қашанда тіс дәрігерінің жанынан табылатын Мейрамкүл Шуақбайқызы 1964 жылы Сәкен Сейфуллин аулында дүниеге келген. Ауылдағы білім ошағын бітіргеннен кейін жұмысшы мамандығын атқарған. Содан кейін Түркістан қаласына бағыт алып, медецина мамандығы бойынша білім алған. Сол кездегі бас дәрігердің бұйрығы негізінде жас маман «Стомотология» кабинетіне жұмысқа қабылданған. Міне, бүгінде өз алдына бөлімше атанған ұжымның үлкеніне айналып, жастарға жол көрсетіп отырады. Мұндайда жоғарғы санатты «Стомотология» кабинетінің мейіргері атанған Мейрамкүл Шуақбайқызы жергілікті халық үшін, ұжымның абыройы үшін еткен еңбегін айта кеткен жөн.
Халықтың алғысын арқалаған сала маманы қашанда қарапайымдылықтан айныған емес. Оның елге еткен қызметі – бар мақтауға лайық. Бір ұжымның беделін көтере білген жанның мерейі таси берсін дегеміз келеді.
Сырдария аудандық ауруханасының баспасөз қызметі