Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Медицина мамандары Жетікөл ауылына барды

Медицина мамандары Жетікөл ауылына барды

Сырдария аудандық ауруханасының гинеколог-дәрігер М.Ноғайбекова, онколог-дәрігер М.Халыбаева, кардиолог-дәрігер Г.Алдабергенова, психолог М.Маханбетжанов, СӨСҚ мейіргері Л.Ауминова, ерлер кабинетінің мейіргері Н.Қосанов арнайы іс-сапармен Жетікөл ауылына барды.

Арнайы іс-сапармен барған сала мамандары ең алдымен Жетікөл ауылының тұрғындарына МӘМС жүйесі бойынша кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар сақтандырылмаған азаматтармен жекелей пікір алмасты.

Өз кезегінде әрбір бағыт бойынша дәрігерлер халықты жеке диагноздары негізінде қабылдады. Жетікөл ауылының тұрғындарына шағымымен келген ақ халатты абзал жандар ем қабылдау үшін арнайы жолдама берді. Диагностикалық тексеруден өту үшін бағыт-бағдар көрсетті.

Бұл ретте, психолог М.Маханбетжанов, СӨСҚ мейіргері Л.Ауминова, ерлер кабинетінің мейіргері Н.Қосанов көпшілікке саламатты өмір салтын ұстануға қатысты көптеген түсіндірме жұмысын жүргізді.

22 желтоқсан 2024 ж. 39 0