Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін әкімшілік қамаққа алынды

Қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін әкімшілік қамаққа алынды

Мәселен, Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 440-бабының 3-бөлігімен С.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Айта кетейік, мұндай құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 440-бабымен (Алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бірінші рет 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл, ал бір жыл ішінде қайталап жасалған бұзушылық үшін 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл немесе бес тәулікке қамау көзделген.

Істің құжаттарына сәйкес, азамат С.  Сырдария ауданы, Айдарлы ауылы, Жиренов көшесінің бойында алкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиеті мен қоғамдық адамгершілікке нұқсан келтіретін мас күйінде жүріп, бұл құқық бұзушылықты әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған.

Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен азамат С. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 440-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 2 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы берілді және мінез-құлқына 3 ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде тыйым салуды міндеттейтін ерекше талап белгіленді.

Сырдария аудандық соты
Фото: Н.Нұржаубай
27 наурыз 2025 ж. 429 0