Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қоғамдық орында масаң күйде жүргені үшін айыппұл салынды

Қоғамдық орында масаң күйде жүргені үшін айыппұл салынды

Сырдария аудандық сотында азамат У.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Анықталғандай, азамат У. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 440-бабы 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық әрекеті үшін әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап, қоғамдық орында алкогольді ішімдік ішкеннен мас күйінде, адамның қадiр-қасиетiн және имандылықты қорлайтын деңгейде жүрген.

Сотта У. әрекетін толығымен мойындап, шын жүректен өкінетінін, отбасылық және денсаулық жағдайын ескеріп, өзіне жеңіл жаза қолдануды сұрады.

У.-дың әрекеті ӘҚБтК-нің 440-бабының 3-бөлігімен сараланған, өйткені ол бұрын осы баптың 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық әрекеті жасаған. 
Сот қаулысымен азамат У. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 440-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 25 844 теңге айыппұл салынды.

Сырдария  аудандық сотының баспасөз қызметі
Фото: Н.НҰРЖАУБАЙ
10 қыркүйек 2024 ж. 414 0