Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қоғамдық орында масаң күйде жүргені үшін айыппұл салынды

Қоғамдық орында масаң күйде жүргені үшін айыппұл салынды

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 440-бабының 3-бөлігі бойынша Б-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Азамат Б. бұрын осындай құқық бұзушылықты жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанына қарамастан,қоғамдық орында алкогольді ішімдік ішкеннен мас күйінде, адамның қадiр-қасиетiн және имандылықты қорлайтын деңгейде жүрген.

Сот отырысында азамат Б. өз кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін, алдағы уақытта қайталамайтынын, өзінің жолдасы қайтыс болғанын, өзі жалғыз басты әке ретінде төрт жасар қызын жалғыз тәрбиелеп отырғанын көрсетіп, өзіне жеңіл жаза қолдануды сұрады. Сырдария аудандық сотының қаулысымен құқық бұзушы Б. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 440-бабының 3-бөлігімен құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 25 844 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Сырдария аудандық соты
Фото: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ
27 қаңтар 2025 ж. 211 0