Үш бірдей тәуелсіз кассациялық сот құрылады

Осылайша Жоғарғы Сот заңгерлермен, кәсіпкерлермен, парламент депутаттарымен және азаматтық қоғам белсенділерінің қатысуымен кассациялық алқаның жұмысын жандандыру бойынша кездесулер өткізіп, оған оң баға берілді.
Осыған сәйкес, 2024 жылғы 5 шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң қабылданды. Кассациялық сот 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап Астана қаласында құрылып, республикалық деңгейде жұмыс істейтін болады.
Өз кезегінде тәуелсіз кассациялық сот құру сот төрелігіне қол жеткізуіне мол мүмкіндік беріп, азаматтар мен ұйымдардың сотқа деген сенімін нығайтады. Ең бастысы, бұл әділдік қағидаттарын және құқық үстемдігін толық жүзеге асыруға ықпал етеді деп сенеміз.
Руслан Алдамбергенов,
Сырдария аудандық
сотының төрағасы
Фото: Н.НҰРЖАУБАЙ