Елімізде үш бірдей тәуелсіз кассациялық сот құрылады
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына 2024 жылдың 5 шілдесінде 109-VIII Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңымен үлкен өзгерістер енгізілді.
Ондағы басты өзгеріс 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап Астана қаласында құрылып республикалық деңгейде жұмыс істейтін кассациялық сот болады.
Кассациялық сот үш бағытта, яғни қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді толық қарайды. Кассациялық сотта істердің қарау мерзімі 6 айдан аспайды.
Кассациялық сот төменгі органдар шығарған сот шешімдерін қадағалайтын және түзететін сот жүйесінің бір түрі. Істерді кассациялық сатыдағы сотта қарау белгілі бір негіздер бойынша ғана мүмкін болады.
Кассациялық сотың негізгі міндеті- сот шешімдерін қабылдау кезінде заңдардың дұрыс қолданылуы мен түсіндірулерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Мұндай сот жалпы юрисдикциядағы соттар жүйесінде соңғы шешуші инстанция ретінде әрекет етеді.
Бұл істі кассациялық сотта қарағаннан кейін шешімге шағымдануға мүмкіндік жоқ деген сөз. Сондықтан кассациялық соттың шешімі түпкілікті және міндетті болып табылады.
Төменгі сатыдағы соттың шешімі заңсыз немесе негізсіз деп танылса, кассациялық сатыдағы сот оның күшін жойып, істі жаңадан сот талқылауына жіберуі немесе түпкілікті шешім қабылдауы мүмкін.
Бұл – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғауына кепілдік беріп азаматтардың сенімін арттыруға ықпалын тигізеді.
Дархан КУЗЕРБАЕВ,
Сырдария аудандық сотының жетекші маманы