Үш бірдей тәуелсіз кассациялық сот құрылады

Осылайша Жоғарғы Сот заңгерлермен, кәсіпкерлермен, парламент депутаттарымен және азаматтық қоғам белсенділерінің қатысуымен кассациялық алқаның жұмысын жандандыру бойынша кездесулер өткізіп, оған оң баға берілді.
Кассациялық сот 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап Астана қаласында құрылып республикалық деңгейде жұмыс істейтін болады. Осыған орай келер жылы кассациялық істерді Жоғарғы Соттың қарауы тоқтатылады.
Кассациялық сотқа апелляциялық сатының қаулысымен келіспеген іске қатысушылар шағымдана алады. Бұл – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғауына кепілдік беріп азаматтардың сенімін арттырады.
Кассациялық сот үш бағытта, яғни қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді толық қарайды. Кассациялық сотта істердің қарау мерзімі 6 айдан аспайды.
Жүргізілетін реформа сот жүйесіне ғана емес, мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтарымен бостандықтарының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етеді деп сенеміз.
Руслан АЛДАМБЕРГЕНОВ,
Сырдария аудандық сотының төрағасы