Құрметті сатып алушы! Бақылау-касса машинасының фискалды түбіртегін беру міндетті

ҚР Салық Кодексінің 13-бабының 3-тармағы 1-тармақшасына сәйкес, салық төлеуші салық міндеттемелерін уақытылы және толық көлемде орындауға міндетті екендігін назарыңызға салады.
Осыған орай, базарларда жеке кәсіпкер ретінде сауданы жүзеге асыратын болсаңыз бақылау кассалық машинасын (БКМ) міндетті түрде пайдалану, түбіртек басып шығару, кірістерді (табысын) толық көрсету, сауда орында QR-код орналастыру керек екендігін естеріңізге саламыз.
Сізбен сатып алынған тауарға көңіліңіз толмаған кезде Сіздің құқығыңызды және мүддеңізді қорғау кепілдігін қамтамасыз ету үшін, яғни:
тауардың құнын төлеген соң, Cалық кодексімен айқындалған тәртіпте Сіз одан бақылау-касса машинасының фискалды түбіртегін талап етуге құқылысыз.
Сізге сатушы бақылау-касса машинасының фискалды түбіртегін беруге міндетті.
Түбіртекті беруден бас тартқан жағдайда – аталған факті бақылау-касса машинасын қолдану тәртібін бұзу болып табылады және кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тартуға әкеліп соғады.
Сауда операциялары, қолма-қол ақша арқылы жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде жүргізілетін ақшалай есеп айырысуды Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру кезінде бақылау-кассалық машиналарды қолданбау, сондай-ақ ақаулы болып табылатын немесе пайдалану орны бойынша мемлекеттік кіріс органының есебінде тұрмаған бақылау-кассалық машиналарды қолдану – ӘҚБтК 284 бабының 1 тармағына сәйкес – бірінші рет ескерту жасауға әкеп соғады.
ӘҚБтК 284 бабының 2 тармағына сәйкес, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) – жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ӘҚБтК 284 бабының 3 тармағына сәйкес, Түбіртекті беруден бас тартқан жағдайда – бақылау-кассалық машинаның чегін немесе тауар чегін бермеу не бақылау-кассалық машинаның чегін немесе тауар чегін тауарға немесе көрсетілетін қызметке төленген сомадан артық немесе кем сомаға беру – бірінші рет ескерту жасауға әкеп соғады.
ӘҚБтК 284 бабының 4 тармағына сәйкес, осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет – жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғатынын Кірістер комитеті ескертеді.
Сырдария ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы
Фото: Н.Нұржаубай