Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бүгіннен бастап такси жүргізушілері түбіртек беруге міндетті

Бүгіннен бастап такси жүргізушілері түбіртек беруге міндетті

- Елімізде 1 сәуірден бастап такси жүргізушілері жолаушыларға түбіртек беруге міндеттеліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінің порталына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, «Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы №206 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

Өзгерістер 1 сәуірден, яғни бүгіннен бастап күшіне енеді. Оған сәйкес, салық төлеушілер өз қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерінің тізімі 323-ке жетіп отыр.

Такси жүргізушілерімен бірге түбіртек беруге шаштараз және сұлулық салонының қызметкерлері, ломбардтар мен қонақүйлер, құмар және бәс тігу ойындарын ұйымдастырушылар, сондай-ақ сылақ жұмыстарын орындаушылар, аудио және бейнетехникалардың,  тұрмыстық электр аспаптарының бөлшек саудасымен айналысушылар міндеттелген.

01 сәуір 2019 ж. 897 0