Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Интернет алаяқтықтан сақ болыңыздар!

Интернет алаяқтықтан сақ болыңыздар!

Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында алаяқтыққа, соның ішінде қаржы пирамидалары мен интернет алаяқтығына қатысты құқық қорғау органдарына кешенді әрі нақты шараларды әзірлеу тапсырған.

Қазақстанда қазіргі интернет алаяқтығына тыйым болмай тұр. Технологияның тілін мықты меңгерген әккілердің құрығы ұзарып, алдап-арбау әдіс-тәсілдері күн санап мың құбылуда. Олар қарапайым телефонмен арам істерін іске асыруда. Сондықтан мына кеңестерді естен шығармаңыз.
      – Жұмысқа қабылдаймын немесе мемлекеттен берілетін жәрдемақыларды, әлеуметтік көмектерді т.б сізге күмән келтіретіндей жолмен ұсынса, нақтылығына және заңды екендігіне көз жеткізіңіз!
      – Онлайн арқылы несие алу және  әлеуметтік желідегі түрлі тауарларды, өнімдерді, қызметтерді сатуға арналған жарнамаларды қарағанда сақ болыңыз!
       – Әр түрлі банктердегі шоттарға төлем аударуды талап еткен жағдайда мұқият болыңыз және алдын ала төлем жасамаңыз!
      – Тауарларды расталмаған сату көздерін пайдаланбаңыз!
      – Интернетте, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы жасалатын күмәнді мәліметтерден бас тартыңыз!
      –  Басқа қалаға арналған қосалқы бөлшектерді сатып алғанда, достарыңызбен таныстарыңызға айтып, сатушымен кездесуге және сатып алынған өнімді тексеруді өтініңіз!
       – Сонымен қатар, ең бастысы сіз ешкімге  банк шотыңызды толық номерін, құпия сөздерін беруге, айтуға міндетті емессіз!
Сырдария ауданында және бүкіл ауылдар аумағында тұрғындарды интернет-ресурстарды пайдалану кезінде абай болуға және мұқият болуға шақыратын ақпараттық билбордтар ілінеді. Бұл билбортарда алаяқтықтың ең көп таралған түрлері туралы ақпарат, сондай-ақ олардың алдын алу бойынша кеңестер бар.
Бұл маңызды шара, өйткені көптеген азаматтар өздерінің жеке деректері мен қаржылық құралдарын интернетте қалай қорғауға болатындығы туралы әлі де жеткілікті білімге ие емес. Интернет – алаяқтықпен күресудің негізгі аспектілерінің бірі заңнамалық базаны күшейту болып табылады. Жаңа заңдарды енгізу және қолданыстағы заңдарды қатаңдату алаяқтық әрекеттерді тиімдірек тоқтатуға және қылмыскерлерді жауапқа тартуға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы интернет – алаяқтықпен күресу жұртшылықты белсенді тарту қажеттігін атап өтті. Тек бірлескен күш-жігермен Қауіпсіз интернет кеңістігін құруға және халықты алаяқтардан қорғауға болады – деді Сырдария ауданының прокуроры А.Алимбаев.

Сырдария аудандық прокуратура
14 наурыз 2025 ж. 54 0