Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

29 сәуір 2025 ж.

№ 30 газет

26 сәуір 2025 ж.

№ 29 газет

22 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Бас жүлдемен оралған Балаусаның қыздары

Бас жүлдемен оралған Балаусаның қыздары

Аудандық мәдениет үйі жанындағы «Балауса» халықтық би ансамблінің кіші топ өнерпаздары Алматы қаласында өткен «Бала шабыты» халықаралық конкурс жобасы «We are the best» дарынды балалар мен жастарға арналған байқауына қатысып, бас жүлде иеленді.

Сыр өңірінің мәдениет саласының дамуына өз үлесін қосып келе жатқан би тобы 73 ұжымның ішіндегі аралас жасқа дейінгі жас категориясы бойынша «Заманауи» биімен көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, үздік өнер көрсетті. Жас өнерпаздарға шығармашылық қолдау білдіріп, ұжымды түрлі додаларға қатыстырып жоғары нәтиже көрсете білгені, жас ұрпаққа азаматтық рухани тәрбие қалыптастырғаны үшін би ансамблінің балетмейстері А.Пернебаева, хореографы Т.Құдабаева Алғыс хатпен марапатталды.

Ұжым өнерпаздарын толағай табыстарымен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілеп, қанаттарың талмасын демекпіз!
07 ақпан 2025 ж. 183 0