Вандализм бе, әлде бұзақылық па?

Сол заманнан бері ғасыр түгіл, дәуір көшті. Алайда дәлдүріштердің әлі де бар екеніне көзіміз жетіп отыр. Алыстан арбаламай, жақыннан дорбалап қараңызшы.
Кент орталығына кіреберісте балаларға арналған алаңдар мен спорттық ойын алаңқайлары бар. Қарасаң көз тоятын көрнекті жер. Бірақ біз соны күтіп ұстай алмай отырғанымыз жанға батады.

«Үкіметтің заты» деп емес, оны әрбіріміз өз үйіміздегідей күтіп ұстай аламыз. Қажетімізге жаратып отырған соң, балаларды «қиратпауға, бүлдірмеуге» үйретейікші!
Р.S. Вандализм – көше қасыреті. Қоғамға деген ең ауыр қастандық. Сондықтан оған қарсы күресті де қатаңдату керек. Әйтпесе мұның соңы неге апарарын кім біледі?
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі