ЖАҢАШЫЛ СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕРІНІҢ САЙЫСЫ

Сайыстың қорытынды кешінде “Мен жаңашыл сынып жетекшімін” тақырыбында тұсаукесер, “Менің жұмыс үстелім” сынып портфолиосын таныстыру, “Ұшқыр ойдан белсенді әрекетке” педагогикалық ситуациялық сұрақтарға жауап беру, өз өнерін көрсету сынды сайыс түрлеріне қатысып, бақтарын сынады.
Өз кезегінде сайысқа мектеп директоры Б.Есназар, әлеуметтік педагог А.Нұрышов, бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі Қ.Бодыбаева және биология пәні мұғалімі А.Табынбаева және тәлімгер Л.Қалыбай төрелік жасады.
Сайыс қорытындысы бойынша 6-а сынып жетекшісі Ақбота Аманова бас жүлде, 3- б сынып жетекшісі Әйгерім Ысқақова І орын, 7-б сынып жетекшісі Гүлсім Жоламанова ІІ орын, 11-ші сынып жетекшісі Жансая Жаздауқызы ІІІ орын иеленсе, сынып жетекшілер Фарида Бодыбаева, Ақтоты Аралбайқызы, Ұлболсын Жақсылықова Алғыс хатпен марапатталды. Сайысқа қатысушылар демеушілердің бағалы сыйлықтарына ие болды.
Ш. БАЛТАБАЙҰЛЫ