Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Фракция мүшелері жаңа депутаттармен толықты

Фракция мүшелері жаңа депутаттармен толықты

Сырдария аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өткізілді. Фракция отырысының күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.

– Бүгінгі фракция отырысында 2 мәселе қаралады. Бірінші мәселе Фракция құрамына аудандық мәслихаттың жаңадан сайланған депутаттары Каскиев Руслан Жанайдарұлы мен Смайлова Гүлбану Жақсылыққызын енгізу ұсынылады. Екі депутат та «AMANAT» партиясының мүшелері. Олар сайлауалды үгіт-насихат кезеңінде тұрғындарға берген уәделері барысында «AMANAT» партиясының да сайлауалды бағдарламасын, жобаларын жүзеге асыратындарын айтты. Партия өз кезегінде депутаттардың өз уәделерін орындауы үшін фракцияның әлеуеті кең екенін ескеріп, қос депутаттың да фракция мүшесі болғаны дұрыс екенін құптайды. Осыған орай Каскиев Руслан Жанайдарұлы мен Смайлова Гүлбану Жақсылыққызының фракция мүшесі болуын дауысқа қоямын, – деді фракция жетекшісі А.Ибрагимұлы.

Ұсыныс бірауыздан мақұлданды. Күн тәртібіндегі екінші мәселе Сырдария аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына арналды. Жұмыс жоспары таныстырылып, «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалы Саяси кеңес бюросының алдағы отырысына бекітуге ұсынылды.

25 желтоқсан 2024 ж. 55 0