Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Фракция отырысы өтті

Фракция отырысы өтті

Кеше аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Отырысты аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы, депутаттық фракция жетекшісі Жақып Еркебұлан Төлепбергенұлы ашып, жүргізді. Фракция отырысының күн тәртібінде төмендегі мәселелер қарастырылды:

1. Ауданда жастар саясатын қолдау және жақсарту шаралары туралы;

2. «Жер аманаты» жобасы аясында ауданда атқарылған шаралар туралы;

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Смайлов баяндама жасап, ауданда жастар саясатының жүзеге асырылуы бойынша фракция мүшелері алдында есебін берді.

Екінші мәселе бойынша аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Мейрамбекұлы баяндама жасап, «Жер аманаты» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтады. Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралған соң, баяндамашыларға фракция мүшелері бірқатар ұсыныстарын жеткізді.
21 желтоқсан 2022 ж. 352 0