Егемен елдің еңсесі биік

Тәуелсіздік алған жылдардан бері елдің еңсесі тіктеліп, алпауыт елдермен санасатын дәрежеге жетті. Тозығы жетіп, тұралап қалған өндіріс орындары қайта іске қосылды. Әлем картасында Қазақстанның орны айшықталып, туған жерге қандастар орала бастады. Тарихи Отанына келген олар азаттықтың қадір-қасиетін ерекше бағалай білді. Біз қашанда ұлттық құндылықты өзгеге кеңінен дәріптеп, егемен елдің мол мұрасын көздің қарашығындай қорғауымыз керек.
Тәуелсіздік жылдарында Сырдария ауданының қалыптасуы өз алдына тарих. Алаштың анасы атанған Сыр өңірінің құрамына кіретін ауданның жарқын жетістігі жетерлік. Алыптардың алтын бесігі болған туған жерді түлету – әрбіріміздің міндетіміз. Еліміз, жұртымыз аман болсын! Егемендігіміз мәңгі жасай берсін!
Нұрлан НАҚПЫТ,
білім саласының ардагері